Өскеменде нан қымбаттай ма?
Өскеменде азық-түлік бағасы өсуі мүмкін. Қант қымбаттап үлгерді. Нанның бағасына да келесі айда кепіл жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Қазіргі уақытта біз бірқатар азық-түлік бағасын өсірдік. Жанармай, қант, маргарин қымбаттады, білесіздер. Ұнның бағасы келісіне 6 теңгеге өсті. Сондықтан нан бағасының тұрақтылығына да кепілдік бере алмаймыз. Осы айда ғана баға бұрынғыша қалуы мүмкін, – деді Өскемендегі бір нан зауытының директоры.
Өткен аптада қанттың толайым бағасы 240-253 болған. Ал бүгін бірқатар ірі сауда орындары келісін 300 теңгеден саудалапты. Қаладағы кәсіпкерлік басқармасы әзірге үнсіз қалып отыр.