KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Жоғалған телефондар міндетті түрде қосылады

25.09.2018, 08:57 77



Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов енді шет ел асып жоғалған телефондарды табуға мүмкіндік бар екендігін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тенгриньюс сайтына сілтеме жасап.


– Жоғалған телефондар шекара асып кетіп жатады. Қазір бізде сол телефонды қосқанда қай жерде жүргендігін анықтайтын мүмкіндік бар. Қытай, Ресей, Қырғызстанға өткізілген телефондарды анықтай аламыз біз, – деді Қ.Қасымов.


Оның айтуынша, елімізде жоғалған телефондардың 87%-ы міндетті түрде қосылады екен.


– Бірақ, бір айта кетерлігі, бізде телефондарды тіркеуде бірізділік жоқ. Егер телефон тіркелсе, оны бұғаттап тастай аламыз. Ал ол өзіңіздікі екендігін дәлелдейтіндей құжатты көрсеткенде ғана аша аласыз, – деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив