KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, З
480.11 532.25 5.14

Шығыста жасанды  «Пиала» шайын сатып жүргендер анықталды

21.09.2018, 09:44 293



Шығыста жасанды  «Пиала» шайы мен Levi’s джинсаларын  шығарушылар анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Тізім мұнымен шектелмейді. Mobil мотор майлары, StarLine сигнализациялары, брелоктар мен телефон қаптары да бар.

Айтпақшы Икеа атты танымал жиһаз фирмасының біздің елде заңды филиалы жоқ. Бірақ фирма белгісі бар мүліктер жүр екен. Жасанды болуы мүмкін. Одан да сақ болыңыз.


– Жасанды зат сату ісіне қатысты 83 факті тіркеліп, 425 150 теңгенің бұйымы тәркіленді. Сот қаулысымен барлығының көзі жойылды, – дейді Әділет департаментінің өкілі Айгүл Қабдырахманова.


Фактінің аты – факті. Айтпасқа болмас тағы бір дүние бар. Durex мүшеқаптарының да жасанды нұсқалары сатылымда өріп жүр. Бағасы мүлде арзан.


Департамент қызметкерлері «бұл затқа қатысты қандай да бір шара қолдану үшін зардап тартқан жандар шағым беруі тиіс» дейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив