KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

«Айбын» полкінің командирі ШҚО әкіміне ерекше хат жолдады

17.09.2018, 03:06 427



Шығыс Қазақстаннан әскер қатарына шақырылған сарбаз Еламан Марат Астанадағы «Айбын» президенттік полкі 0112 әскери бөлімінде міндетін өтеп жатыр. Аталмыш бөлімнің командирі подполковник Бейбіт Өтеуов жуырда облыс әкіміне алғыс хат жолдаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Онда «Біздің жеке құрам қатарына еліміздің түкпір-түкпірінен денсаулығы, мінез-құлқы, жеке қасиеттері тұрғысынан үздік жастар таңдап алынады. Еламанның осы қатардан табылғаны – оның туған өлкесінде, отбасында және мектебі мен еңбек ұжымында алған білімі мен тәрбиесінің жемісі деп білеміз. Үздік жастардың біздің құрылым қатарына таңдалып алынуы – Сіз басқарып отырған аймақтағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің тиянақты жұмысының нәтижесі» делінген.


Еламан Маратұлы 1995 жылы Күршім ауданы Теректі ауылында дүниеге келген. Өскемендегі №35 орта мектептің 2013 жылғы түлегі. 2017 жылы Қазақ-Американ еркін университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.


«Еламан бірінші күннен бастап жауынгерлік өмірдің қыр-сырын үйренуге ынтамен кірісті. Қарулас достарына үлгі-өнеге бола білді. Өзіне жүктелген міндеттерді атқару кезінде белсенді,жауапты азамат ретінде танылды. Жауынгерлік құқықтық дайындық сабақтарында үйренген білімін қызмет барысында дұрыс қолдана білді. Жауынгерлік дайындық нормативтерін әрдайым үздік бағаларға орындайды. Қарудың құрылымын жетік меңгергендіктен атыс даярлығында үздік нәтиже көрсетіп жүр.


Еламан – әскери бөлімдегі көркемөнерпаздар ұйымының мүшесі, «Айбын жаршысы»газетінің белсенді тілшісі. Сарбаздың жақсы жетістіктері туралы ата-анасы, жақындары, мектебі мен оқу орны, еңбек ұжымы да хабардар болуы қажет» делінген командир хатында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив