KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Яндекс.Такси тағы бір ерекше бағдарлама ойлап тапты

4.09.2018, 05:06 98



Енді Яндекс.Такси-мен жолға шықсаңыз, көңіліңіз жай болсын! Аталмыш компания жолуашылардың өмірі мен денсаулығын сақтандыратын жаңа бағдарлама жасады. Ондағы өтемақы мөлшері 2,5 млн теңге, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл қаражат арқылы жүргізушімен бірге көліктегі әрбір жолаушының өмірі мен денсаулығы сақтандырылады. Amanat және «Казахинстрах» бағдарламаның алғашқы серіктестері болып отыр.


– Біз жүргізуші мен жолаушылардың өмірін сақтандыратын Қазақстандағы алғашқы онлайн-сервисті такси қызметі болдық. Бұл заң бойынша талап етіліп отырған жоқ. Бірақ біз адамдардың өзін қауіпсіз сезінгенін қалаймыз. Әлбетте кез-келген компанияның бұндай мүмкіндігі бола бермейді. Әйткенмен біз халықаралық ірі платформа ретінде осыған бардық. Бұл біздің жауапкершілігімізді танытса керек, – дейді Яндекс.Такси-дің Орталық Азия нарығын дамыту бойынша атқарушы директоры Темірлан Шапиев.


Яғни, жол-көлік оқиғасы бола қалған жағдайда жүргізуші мен жолаушылар мобильді қосымшаның көмегімен Яндекс.Такси-дің қолдау қызметіне жүгіне алады. Сол жерде не істеу керектігі егжей-тегжейлі түсіндірілмек.


Осыған бола жол ақысы қымбаттамайды, әрине. Сақтандыру компанияларына өтемақы Яндекс.Такси-дің өз есебінен төленеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив