KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

ШҚО-да көп балалы ана жылыжай ашты

4.11.2020, 06:45 61

Динара Домбаева есімді көпбалалы ана Үржар ауданының Барқытбел ауылында тұрады. Биыл оған мемлекет «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында өз жылыжайын ашуға көмектесті.

 

Динара жеке кәсіпкер атанбас бұрын «Бастау Бизнес» жобасы бойынша арнайы білім алып, жылыжай ашуға құқылы болды.

 

Ауыл тұрғыны енді қысы-жазы көкөніс және бақша дақылдарын өсіре алады.

Қазіргі уақытта жылыжайға жарық тартылған, барлық жағдай жасалған.

Ауыл тұрғындарды енді алты ай қыс көлемінде де көкөніс сатып алып, дәрумені мол тағам әзірлей алады.

Сондай-ақ Динара Домбаева Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы ара шаруашылығын дамытуға 2 миллион теңге мөлшерінде мемлекеттік грантқа ие болды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив