KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Өскеменде “Дөкей келе жатыр” сахналанды

31.03.2024, 11:07 130 Ләззат Қанатқызы

Сенбінің кешінде Шығыстың бас шаhарындағы өнер ордасына ағылғандар көп болды. Себебі театр ұжымы кезекті жаңа қойылымды ел назарына ұсынды.

Бұл жолы Шығыстың мәдени ошағында режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың “Дөкей келе жатыр” атты комедиялық жаңа қойылымы сахналанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Белгілі қаламгер Сафуан  Шаймерденовтің «Дөкей келе жатыр» атты драмасы  кеңестік заманда жазылған шығарма. Алматыдан арнайы келген режиссер оны бүгінгі заманға лайықтап, ән-бимен әрлеген.

- Автор өз шығармасында Петропавл маңындағы ауылдардың бірін суреттеп жазған. Бірақ біз қызықты болсын деген мақсатта ішіне ән мен би қосып шығардық. Көрермен өз бағасын бере жатар. Бұл спектакльде негізінен күнделікті орын алатын ащы шындықты әзілмен, күлдіріп жеткізуге тырыстық, - дейді басты рөлдердің бірін сомдаған актриса Гүлвира Әбекенқызы.

Адамды күлдіру, жай ғана күлдіріп қоймай сол арқылы шындықты жеткізе білу үлкен шеберлікті қажет ететіні белгілі. Десе де театр актерлерінің әр кейіпкердің мінез-құлқын, болмысын ашу үшін барын салғаны көрініп-ақ тұр.

- Мен ауылдың таза, аңғал, арам ойы жоқ жігітін ойнадым. Бұл спектакльге Алматыдан арнайылап режжисер шақыртылды. Жалпы ойымыз – спектакль арқылы халыққа жақсы бір көңіл күй сыйлау, – деді актер Еділ Бекешов.

Айта кетейік, бұл «Болашақ» бағдарламасымен білім алған режиссердің облыстық драма театрындағы алғашқы қойылымы.

Фото: Анна Степанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу