KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Ұланның ақ келіндері Арбатта бауырсақ пісірді

Фото: Тілеубек Шаяхмет
Фото: Тілеубек Шаяхмет
7.10.2023, 11:30 370 Оразай Жеңісұлы

Бүгін Өскеменде Ұлан ауданының мәдени күндері жалғасып жатыр.

Өскемендегі Арбатта Ұланның келіндері бауырсақ пісіріп, шай құйып, шеберлік байқасты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Алайда қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспеді.

– Біздің негізгі мақсатымыз – қазақ келініне тән ізгі қасиеттерді паш ету. Халқымыздың салт-дәстүрі, жөн-жоралғысы алуан түрлі. Ақ жаулықты аналарымыздың бізге үйреткен өнегесі сарқылмас қазына іспетті. Біз сол байлықты жаңа буынға табыстағымыз келеді, – дейді Мейрамгүл Ғалымбекқызы есімді алмасайлық келін.

Ұлан ауданының мәдени күндері осылай жалғасып жатты. Көзді арбаған әсем Арбатта көрме де болды. Қазақы бұйымдардың түр-түрі бар. Әрі ұландықтар кіреберіске кереге жайып, ағаш есік орнатып қойған. Бейне бір сән-салтанаты келіскен зәулім киіз үйдің ішінде кең тыныстап жүргендей боласың.

Тоқсан бес жылдық тарихы бар керуен тартып бара жатқан Ұлан ауданының кешелі бері өтіп жатқан мәдени іс-шаралары қалалықтардың есінде қалары анық.

Айта кетсек, кеше ауданның мәдени күндері аясында үлкен гала-концерт өткізілген болатын. Бүгін мәдени күндер жәрмеңкемен жалғасты. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив