KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Су тасқыны қауіпі-2019: ШҚО-да қар жамылғысы өткен жылғыдан әлдеқайда қалың

26.02.2019, 10:15 271

Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс баурайларында, Бұқтырма су қоймасы аймағы мен Ертістің оң жағалауындағы өзендердің маңында қар қоры нормадан 30-35 пайызға артық, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


ШҚО ТЖД мәліметтері бойынша, өңірдегі қар жамылғысының орташа биіктігі 36 сантиметр, бұл өткен жылғы деңгейден 22 сантиметр жоғары. Ең қалың қар Күршім ауданында – 136 сантиметр, одан кейін Алтай ауданында – 94 сантиметр, Үржар ауданында – 90, Көкпекті ауданында – 59 сантиметр.


Аймақтың қалған аумағында қар жамылғысының биіктігі 50 сантиметрден аспайды.


Соднай-ақ ТЖД наурыз және сәуір айларында жауын-шашынның айлық мөлшері арта түсетінін ескертті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив