KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 1 м/с, В
443.35 475.54 4.82

Ауған соғысынан жаралы қайтқандарға қандай көмек көрсетіледі?

15.02.2019, 11:57 93

Ауған соғысына 22 мыңдай отандасымыз қатысса, соның 2267-сі біздің облыстан барған сарбаздар. 86 жерлесіміз майдан даласында оққа ұшқан. Ал үшеуі хабарсыз кеткен.


– Өскеменде 600-дей Ауған соғысының ардагері тұрады. Сондай-ақ майдан даласынан қайтпаған жауынгерлердің шаңырағы бар. Оларға жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі. Биыл осы мақсатта 54 миллион теңге қаражат бөлінді, – деді қала әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Шерубаев, соғыстың аяқталғанына 30 жыл толуына орай өтіп жатқан еске алу кешінде.


Облыстық Ауған соғысы ардагерлері бірлістегінің жетекшісі Қайрат Мусин қандыкөйлек қаруластарын еске алып, өзі жетекшілік етіп отырған ұйымның жұмысына тоқталды.


– Соңғы жылдары Алматы, Атырау, Қызылорда облыстарында майдангерлер арасында республикалық волейбол жарысы өтті. Екеуінен біздің топ бірінші орын алып келді. Енді осы жарысты өз облысымызда жалғастырсақ деп ниет етіп отырмыз. №16 мектептің ауласынан да аллея ашуға аздаған жер бөлінді. Демеушілердің көмегімен биыл осы істерді атқармақпыз. Одан бөлек мемлекет тарапынан биыл жақсы қолдау көрсетілетіні айтылуда. Анық-қанығы алда болатын дөңгелек үстелде белгілі болар. Біз де сол жиында мұң-мұқтажымызды айта жатармыз. Әсіресе, жаралы қайтқандар мен оралмағандардың отбасыларына көптеп көңіл бөлінсе дейміз, – деді Қайрат Мусин. Оның айтысынша, аймағымызда 54 бірінші және екінші топтағы, 21 үшінші топтағы мүгедек майдангер тұрады екен.


Еске алу шарасына жиылған ақсақалдар, қоғам белсенділері және студенттер мен оқушылар қаладағы интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив