KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 5 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

Ауған ардагерлерінің айтары көп

19.02.2012, 18:00 144


Асубұлақ кентінің әкімшілік мекемесінде Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.
Оған ардагерлер кеңесінің өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері, жастар ұйымдары мен жергілікті әкімшіліктің мамандары қатысты.

Қан майданда жүріп Отан алдындағы борышын өтеп келген Мұрат Рахышбаев, Арыстанбек Есболов, Әділхан Кұрманғалиев сынды азаматтар Ауған соғысы жайында қойған балалардың сауалдарына жауап берді. Бірақ сұм соғыстың сойқанында мерт болған қандыкөйлек достары жайында естелік айту оларға да оңайға соққан жоқ. Өмір жолдары қарапайым болса да, өнегелі істері кейінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие бергені сөзсіз.
Кеш соңында жеке кәсіпкер К.Мұхтарованың көмегімен ардагерлерге арнайы меркелік дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив