KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Аттылар марафоны Ауған соғысынгың ардагерлеріне арналды

7.08.2013, 18:00 170


Қалбатау жұрты Талдықорған қаласындағы Ауғанстан соғысы ардагерлері одағының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Талдықорған-Барнаул» бағытындағы «Аттылар марафонына» қатысушыларды қарсы алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қадірлі қонақтар ең әуелі аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер жерлестерімізге арналған ескерткіштің алдында және Ауған соғысы ардагерлеріне арналған саябақ алаңында азагүлдерін қойып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Марафоншылардың көшбасшысы Шормақ Ильясов ескерткіш алдында Ауған жеріндегі ауыр күндерді күрсіне еске алса, Владимир Ким ауғандық жауынгерлерге арнап жол үстінде шығарған өз шығармасын орындап берді.

Марафонға қатысушылар Ауған соғысында қаза тапқан жерлесіміз Мұхтар Оспановтың туып-өскен ауылы − Ортабұлаққа барып, марқұмның басына зиярат етіп, жауынгердің туыстарымен бірге құран бағыштады. Олар Ер Жәнібектің жерленген жерінде орнатылған ескерткіштің басына барып, батырдың жүріп өткен өмір жолы, ерлік істерімен танысты.

Марафоншылар аудан жастарымен кездесті. Кеш барысында Ауған соғысы ардагерлері ұйымының әртүрлі іс-шараларына демеушілік танытып, қолдау көрсетіп жүрген аудан азаматтарын Ауған соғысы ардагерлері одағының құрылуына 30 жыл толуына орай дайындалған медальдармен марапаттады.

Мадина Қызжанова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив