KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Ұлан, Глубокое аудандарында қоқыс өртейтін зауыттар салынады

29.10.2018, 09:27 143

Ұлан, Глубокое аудандарында қоқыс өртейтін зауыттар салынады. Ал облыс орталығында қалдықты қайта өңдейтін кәсіпорын пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізде болса, жыл басында Экологиялық кодекске өзгертулер еніп, пластмасса, макулатура, картон сынды қалдықтарды және шыныны көмуге тыйым салынған болатын.


Бұл тарапта Өскеменде қалдықтарды түріне қарай бөліп салуға арналған 197 қоқыс контейнері орнатылған екен. Осы шаруамен «ЭкоВостокЛидер», «Оскеменспецкоммунтранс» және «Чистое небо» сынды мекемелер айналысуда.


– Әлі де 444 қоқыс контейнері алаңдары жасақталады, – деді қалалық әкімшілік. – Ал қоқыс өртейтін зауытқа инвестиция тарту ісі бойынша «MCE Invest» компаниясымен келісім жүргізілді. Бұл кешенді техникалық себептерге байланысты қалада салу мүмкін емес.

– Қоқыс өртейтін зауыттар Ұлан, Глубокое аудандарында салынуы мүмкін. Ал Өскемендегі қайта өңдейтін кәсіпорын салу жұмысының жобасы қарастырылып жатыр, – деп қосып қойды қала әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив