KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

ШҚО тұрғындары жылу мен судан 2,5 млрд теңгеге үнемдейтін болды

15.02.2019, 05:46 200

Шығыс Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтердің барлық түрлері бойынша тарифтер төмендеді. Енді өңір тұрғындары бір жыл ішінде 2,5 млрд теңгеге жуық қаржы үнемдейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің директоры Қайрат Оразбаев мәлім етті.


– Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тарифтерді төмендету үшін ішкі резервтерді табу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аймақ бойынша бірде-бір субъект жыл басынан бері коммуналдық қызметтердің құнын көтермеді, – деп атап өтті Қайрат Оразбаев.


Осылайша, «Өскемен жылу желілері» АҚ-да тарифтер 5,63% төмендеді.


«Өскемен Водоканал» МКК қызметінің тарифі 5%-ға төмендеді. Кәсіпорын электр энергиясының шығындарын екі қызмет түрі бойынша 44 млн теңгеге төмендетеді: сумен жабдықтау бойынша – 20 млн теңгеге, су жеткізу қызметі бойынша – 24 млн теңгеге.


Электр энергиясын сатып алу шығындарының өзгеруіне және 2019 жылдан бастап қуат нарығының енгізілуіне байланысты «Шығысэнерготрейд» ЖШС электр энергиясының тарифін төмендетті. Енді тұрмыстық тұтынушылар үшін тариф 10,885 теңге/квтс құрайды, яғни 2018 жылмен салыстырғанда 6,5% - ға төмендеді.


Жалпы алғанда, коммуналдық қызметтердің құнын төмендету есебінен тұрғындардың жыл көлемінде 2,5 млрд теңгеге жуық қаржысы үнемделейін деп тұр.


Айта кету керек, Қайрат Оразбаев ағымдағы жылдың 4 наурызында Өскемен қаласында тұрғындардың коммуналдық қызметтер есебі бойынша туындаған сұрақтарына жауап беру үшін  арнайы кездесу өтетіндігін мәлімдеді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив