KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

«QazEpos» мобильді қосымшасы іске қосылды

12.02.2019, 11:40 175

Енді эпостық жырлардың толық нұсқасын ұялы телефон арқылы тыңдауға болады. 34 жастағы қазақстандық «QazEpos» мобильді қосымшасын жасап шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жоба авторы Жансерік Сүйінбаевтың айтуынша, қазақ халқының эпостары аудио нұсқада тек күйтабақта жазылған екен. Оған қоса, көп жырдың толық нұсқасы жоғалған көрінеді. Бағдарламашы қосымшаны жасап шығару үшін 2 жылдай уақыт еңбектенгенін айтады. Оның бір жылы эпостардың авторлық құқына ие компания өкілдерімен келісім жасасуға кеткен екен.


– Мен эпостардың түпнұсқаларын ресейлік компаниядан алдырдым. Жазылған қолда бар эпостардың саны бар-жоғы 11 екен. Білуімше, тек эпикалық жыр-дастандардың халық арасында таралған саны 300-ге жуық, осының ішінде жарық көргендері қырыққа да жетпейді. Болашақта жарыққа шықпағандарын да қосымшаға енгізу жоспарда бар, – дейді Жансерік Сүйінбаев.


Қазіргі уақытта QazEpos қосымшасында Қобыланды батыр, Қыз Жібек, Мұңлық-Зарлық, Алпамыс батыр, Айман-Шолпан, Қарасай Қази батырлық дастаны, Қамбар батыр, Әли батыр, Қабанбай батыр, Нар қыз, Асау Барақ эпостық жырлары бар.


Жансерік QazEpos қосымшасын одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта қосымшаны тек App Store-дан iOS мобиль смартфондарына жүктеуге болады. Android операциялық жүйесіне қосымшаны енгізу іске асып жатыр.


  


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив