KZ
Өскемен
-3°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Өскемендіктер қоғамдық көліктердің қозғалысын мобильдік қосымшадан бақылай алады

12.02.2019, 07:45 148

Өскемендіктер автобустар мен трамвайлардың қозғалысын мобильдік қосымшадан бақылай алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов айтты. Көлік саласын цифрландыру аясында басқарма осындай жаңалық енгізіп отыр.


– Қалалық жолаушылар көлігін диспетчерлендірудің ақпараттық жүйесін құру және жол жүру ақысын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу биылғы жылға жоспарлануда. Сондай-ақ жақын арада тағы бір жаңа жүйе іске қосылады. Ол – мобильдік қосымша. Қосымша қаладағы қоғамдық көліктердің барлық 57 бағытын қамтиды,оның ішінде трамвайлар да бар. Бұдан былай облыс орталығының тұрғындары нақты уақыт режимінде қозғалысын бақылауға мүмкіндік алады – деді Н.Жұмаділов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив