KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да көпбалалы отбасылар тегін медициналық тексеруден өте алады

12.02.2019, 04:51 133

ШҚО-да көпбалалы отбасылар бір ай бойы білікті медициналық кеңес пен жәрдем ала алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Денсаулық сақтау басқармасы «Ана мен бала денсаулығы» атты акция ұйымдастырып отыр.


Аталмыш акция 12 ақпаннан 12 наурыз аралығында өткізіледі. Осы мерзімде көпбалалы отбасылардың барлық мүшелері дәрігерлерге тегін қаралады.


Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиуллинова мәлім етті.


Атап айтқанда, белгілі бір саладағы дәрігер-мамандардың, өздерінің жеке емдейтін дәрігерлерінің қабылдауы, толық диагностика, оның ішінде бағасы қымбат медициналық тексерулерден өтуге мүмкіндік беріліп отыр. Сондай-ақ, аналарға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету де қарастырылған. Арнайы мамандар медицинаық сақтандыру және тағы да басқа мәселелер мен сауалдарға қатысты кеңес береді. Бес жасқа дейінгі балалалар үшін ресурстық орталық кабинеттері ашылған. Аналарға сәби күтіміне қатысты кеңестер беріледі екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив