Өскеменнің Арбаты жазда дайын болады
Өскемен әкімінің есеп беру жиынында Арбат көшесінің қашан басталып аяқталатындығы айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жиында мәлім болғандай, құрылысшылар жұмысты күн жылығанда бастап, 15 маусымда аяқтауды жоспарлап отыр екен.
Естеріңізде болса, Арбатқа Бейбітшілік көшесінің (бұрынғы Головкова көшесінің) Горький мен Орджоникидзе көшелерінің аралығында жатқан бөлігі берілетіндігін айтқанбыз.
Онда спорт және балалар алаңы, орындықтар, сауда дүңгіршектері болады. Дүңгіршектерде қолөнер бұйымдарының көрмесі де ұйымдастырылып тұрады.
Көшенің табанына гранит төселеді.
Оқи отырыңыз