KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Зырянда жоғалып кеткен әйел адам өлі күйінде табылды

26.10.2018, 02:47 166

Осыдан екі аптадай уақыт бұрын Зырян ауданында іс-түссіз жоғалып кеткен әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жоғалған 34 жастағы әйел - Подорленок ауылының тұрғыны. 14-ші қазан күні құрбысының үйіне қонаққа кеткеннен қайта оралмайды. Түнгі уақытта құрбысының үйінен шығып, сол бойы іс-түссіз жоғалған екен.


24 қазанда әйелдің мәйіті сол құрбысының үйінің маңынан табылып отыр. Жақын туыстарының айтуынша, Екатеринаны шалбардың бауымен буындырып, қоршауға байлап кеткен көрінеді.


Полицияда бұл оқиғаға қатысты ресми ақпарат әзірше берілмей отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Айта кетсек, әйелдің артында кәмелет жасқа толмаған екі баласы қалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив