KZ
Өскемен
+24°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

ШҚО-да бойжеткен жоғалып кетті

19.01.2019, 10:03 155

Жарма ауданында жұмысына кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен бойжеткенді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қалбатау ауылының тұрғыны Айнұр Семсенова 14 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында үйінен жұмысына қарай шығып кеткен. Алайда жұмыс орнына сол бойы жетпеген екен.


Бойжеткеннің хабар-ошарсыз кеткеніне алты күн болды. Айнұр Семсенова туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабар берулеріңізде сұраймыз:  +7 747 349 57 17, немесе 102.


Ерекше белгілері: бойы 165-170 сантиметр, бетінде үлкен меңі бар. Жоғалған күні үстіне қою көк түсті күртке мен бас киім, аяғына қара түсті етік киіп жүрген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив