KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2 м/с, С
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да оқушы қыздарды үйіне жеткізіп салмақ болған ер адамды іздеп жатыр

29.01.2019, 10:37 140

Алтай қаласының тұрғыны жуықта қалалық мектептердің бірінің маңында болған жағдайға куә болғандардан көмек сұрап отыр. Оның айтуынша, мектептің жанында белгісіз ер адам екінші сыныпта оқитын қыз балаларды үйіне көлікпен жеткізіп салайын деп ұсыныс жасаған екен.


Оқиға 18 қаңтар күні сағат 17.00 шамасында № 11 мектептің маңында болған.


-Менің қызым екінші сыныпты оқиды. Ол құрбысымен бірге мектептен шыққан кезде бір ер адам бұларға жақындап келіп, үйлеріңе апарып тастайын депті, - дейді Алтай тұрғыны.


Оқушы қыздар қорқып, қашып кеткен екен. Бұл жағдай мектептегі бейнекамераға түспей қалыпты.


Үрейі ұшқан ана осыған орай мектепте жиналыс ұйымдастырып, ұстаздар мен басқа ата-аналарды ескерткен жөн деп санайды. Алайда мектеп әкімшілігі бұл әрекетін құптай қоймаған көрінеді. Мектептен қолдау болмаған соң ол әлеуметтік желіде әлгі ер адамды көргендерді іздеп жатыр.


Дегенмен, мұндай жағдайда бірден полицияға хабар берген жөн екенін ескертеміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив