KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өткен жылдың ең үздік автомобильдері

28.01.2019, 09:11 150

Әлемде автокөліктерді бағалайтын алуан түрлі конкурстар бар. Олардың қорытындысы бойынша үздік атанған автомобильдер көп жағдайда бір-біріне ұқсамайды. Өйткені кей елдерде көліктің үнемділігін бағаланса, басқа жерде қозғалтқышының күшін, салонының ыңғайлығын бағалауы мүмкін. Алайда 2018 жылды Volvo автомобилінің жылы деп атаса да болады. Биыл шведтердің көлігі ең айтулы марапаттарды жеңіп алған екен.


Атап айтқанда, Utility санаты бойынша Volvo Америкадағы ең үздік автомобильдердің қатарына кірді:  Honda Accord, Volvo XC60 и Lincoln Navigator.


Сондай-ақ, Volvo XC40 Еуропадағы ең үздік автомобиль атағына да ие болды. Екінші және үшінші орындарда - Seat Ibiza мен BMW-5.


Жапония елінде де Volvo XC40 үздік автомобиль деп танылып отыр. Екінші орында - Toyota Corolla Sport, үшінші орында - Volkswagen Polo. Айта кетсек, 2017 жылы да Жапониядағы үздік автокөлік ретінде Volvo XC60 аталған болатын.


Мұндай конкурс Ресейде де өткізіліп, түрлі номинациядағы ең үздік «ТОП-5 Авто» қатарына тағы да Volvo XC60 пен Volvo V90 Cross Country кірді.


Жоғарыда аталған марапаттардан бөлек, «Әлемдегі ең үздік автомобиль» атағын  да Volvo XC60 жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарға Range Rover Velar мен «Мазда  CX-5» жайғасқан екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив