Өскемендегі жол белгілері қардың қалқасында қалды
Өскеменнің Лениногорск көшесі бойындағы жол белгісі екі күннен бері үйілген қардың қалқасында тұр. Жүргізушілер жаяу жүргіншіні жолдың ортасына келгенде ғана көре алады. Тұрғындар бұның кез-келген сәтте қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін екенін айтып алаңдауда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жаяу жүргінші жолы тура аялдаманың жанында екен. Яғни адам аяғы арылмайды деуге болады. Қалың қардың кесірінен жүргізушілердің жолдан өтіп бара жатқан адамды аңдамай қалуы әбден мүмкін. Бұл бейнежазбадан анық көрініп тұр.
Ал «Өскемен-Тәртіп» коммуналдық кәсіпорны бұл көшенің қарын тазалауға «Кадэ» ЖШС мердігерлік ұйымы жауапты екенін айтады.
– Бір сағат ішінде ұйым қызметкерлері жолдың осы учаскесіндегі қарды тазалайды, – деп уәде берді коммуналдық кәсіпорынның баспасөз қызметі.
https://youtu.be/9w6UAVBQ258