KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1 м/с, С
441.44 473.09 4.75

ШҚМУ-дың үздік студенттеріне «Абай» және «С.Аманжолов» стипендиялары тағайындалатын болды

24.01.2019, 03:42 98

Жастар жылында Өскеменде талай шаруа атқарылатын болады. Бұл туралы бізге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры Амангелді Төлемісов мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Үздік оқитын студенттерге «Абай» мен «С.Аманжолов» атындағы шәкіртақыларды тағайындайтын болды. Бұл жастарды ынталандыру мақсатында қолға алынбақ.


– Ұлттық бірыңғай тестілеуден 130-данастам бал жинаған балаларға арнайы шәкіртақылар тағайындалатын болады. Мәселен «Абай» шәкіртақысының иегерлері – 50, ал «Аманжолов» шәкіртақысының иегерлері 25 мың теңге алатын болады. Бұдан бөлек биылдан бастап біз ата-анасының қамқорлығынсызқалған балаларды, сондай-ақ жетімдер үйінің тәрбиеленушілерін тегін жатақханамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, -дейді С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры Амангелді Төлемісов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив