KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

ШҚО құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

23.01.2019, 05:42 207

Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Бауыржан Құдияров тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі тілшісі.


Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов әкімдік мәжілісінде құрылыс саласының жаңа басшысын таныстырды. Ол бұған дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.


«Бір күн бұрын аталмыш тағайындауға қол қойдым. Бауыржан Құдияровтың құрылыс саласында тәжірибесі бар» - деді Даниал Ахметов.


Бауыржан Мамұтханұлы 1978 жылы 12 шілдеде Түркістан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1999 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және құқықтану институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ал 2017 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Көлік құрылысы» мамандығын алған.


1999 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасының кедендік органдарында жемқорлық құқықбұзушылыққа қарсы күрес жөніндегі әскери полициясының жасағында, Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау басқармасында, ШҚО бойынша көліктік бақылау басқармасында, сондай-ақ, ШҚО және Павлодар облысы бойынша «Ертіс» көліктік бақылау инспекциясында, Өскемен қаласы әкімдігінің «Біржолғы талондар беру орталығы» КММ басшысы болып, Өскемен қаласы әкімдігінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы ретінде мемлекеттік қызметтер атқарған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив