Өскемендік студент қысқаметражды триллер түсірді
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының 3 курс студент Әлішер Мишелев «Контракт» қысқаметражды триллерін түсірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көрсетілім №5 оқу ғимаратының акт залында өтті.
Автордың айтуынша, ол түрлі жанрларда өзін сынап көрген, енді триллерге кезек келіпті.
Көрермен болған проректорлар И. Ровнякова мен А. Толамисов туындыға жоғары бағаларын берді.
Әлішер бұған дейн ЭКСПО көрмесі жайында «EXPO Stories» фильмін түсірген. Сондай-ақ, оның «Ютуб» желісінде «A.M. Projects» арнасы бар.
Болашақ журналист студентік өмір туралы «Молодежный Ералаш», «Наша Устькамаша», «Новый взгляд» және басқа да фильмдерімен жастар арасында жақсы таныс.