KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, В
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да бірнеше автокөлік боранда жолда қалды

20.01.2019, 13:25 84

ШҚО-ның Үржар ауданында боранның салдарынан кептеліс пайда болды. Бірнеше газель, КАМАЗ бен 30-дан астам жеңіл автокөліктер кептелісте тұрып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кептеліс Үржар ауылына жақын маңда болған. Оқиға орнына үлкен қиындықпен жеткен құтқарушылар түнге дейін жолаушыларды құтқару операциясын жүргізеді.


Таскескен ауылында аудандық әкімдіктің күшімен жылыжту пункттері ұйымдастырылған екен. Барлығы 25 адам эвакуацияланып отыр, оның ішінде 4 бала бар. Сондай-ақ, Аягөзге дейін 25 автокөлік шығарылып салынды.


Қазір жолдар қардан тазартылып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив