KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Қатты тұрған боранның салдарынан Семейде төтенше жағдай орнады

25.12.2012, 18:00 204


Семей қаласында нағыз ақырзаман орнағандай. Шаһарда қатты боран тұрып, айнала түк көргісіз бұрқасынның астында қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Табиғаттың асау мінезі қоғамдық көліктердің қозғалысын шектеп тастағандықтан, тұрғындар жұмыс орындарына мезгілінде жете алмады. Автобустар аяқ астынан үйіліп жатқан қарға батып қалды.

Бұл жағдайда жеке меншік таксистердің айы оңынан туды. Олар қызмет бағаларын бірнеше есеге дейін шарықтатып жіберді. Соған қарамастан, олардың қызметіне жүгінген қалалықтардың санында шек болмады, олар барар жерлеріне басқаша жете алмас еді.

Қатты тұрған боранның салдарынан Семейде төтенше жағдай орнадыҚатты тұрған боранның салдарынан Семейде төтенше жағдай орнадыҚатты тұрған боранның салдарынан Семейде төтенше жағдай орнады



Қала көшелеріндегі үйіліп қалған қарды тазалауға коммуналды қызмет пен ТЖ күші жетер емес. Сол себепті ТЖ басқармасы қар тазалайтын техникасы бар мекемелер мен ұйымдардан көмек сұрады.
Қатты боранның салдарынан барлық оқу орындарында сабақ болмайтыны хабарланды. ТЖ басқармасы қалалықтарды аса қажет болмаса үйден шықпауға шақырады.

Ауа райының кенеттен бұзылуы салдарынан Семей қаласында төтенше жағдай хабарланды.

Раушан Мусина


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив