KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

ШҚО аумағында пойыздан күмәнді биологиялық белсенді қоспа табылды

17.01.2019, 05:00 103

Шығыс Қазақстан аумағында пойыздан 40 келі күмәнді биологиялық белсенді қоспа табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға Семейдегі «Ауыл-теміржол» шекаралық бақылау бөлімшесінде болды.


– «Новосибирск-Алматы» бағытындағы пойызды тексеру кезінде жүксалғыш бөліктерінің бірінен жалпы салмағы 40 килограмм биологиялық белсенді қоспа табылды. Күдікті зат пойыз жолсерігі, 46 жастағы қазақстандыққа тиесілі. Оның қоспаларды Қазақстан аумағына енгізуге ешқандай құжаттары болмай шықты, — деп мәлімдеді ҚР ҰҚК Шекара қызметі.


Мәселенің мән-жайын ШҚО бойынша МІД Экономикалық тергеу қызметі анықтайтын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив