KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

«Сіз кітапханаға келмесеңіз, онда біз сізге барамыз». ШҚО-да кітапты үйге әкеліп береді

16.01.2019, 03:44 127

Көкпекті ауданында жылжымалы кітапхана жұмыс істейді. Бұл оқырмандардың қазақ және әлем әдебиеті классиктерінің туындыларына деген қызығушылығын ояту мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Енді көкпектілік кітапханашылар әр үйді аралап,  соғыс ардагерлеріне, сондай-ақ зейнеткерлерге жалпы оқырмандарға қалаған кітаптарын апарып береді. Басты мақсат – оқырмандармен тығыз қарым-қатынас орнату.


«Сіз кітапханаға келмесеңіз, онда біз сізге барамыз» деген ұстанымды берік ұстанған қызметкерлер таяуда қариялардың үйлеріне барып, Қ.Аманжоловтың өлеңдер жинағы мен Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»романының аудармаларын тарту етті.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара алдағыуақытта да жалғасын таппақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив