KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

«Кітапханадағы түн» Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналады

2.05.2012, 18:00 168


Телеарна мен компьютер технологиясының адам өміріне жаппай енуіне орай, кітап екінші орынға жылжығаны барлығымызға мәлім. Сондықтан, оқуға деген қызығушылықты оятып, кітапханаға жаңа оқырман тарту мақсатында 5-мамыр күні А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана «Кітапханадағы түн» мәдени акциясын өткізеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Кітапханадағы түн» оқырмандармен қарым-қатынас жасаудың жаңа үлгісін қарастырып, кешке дейін жұмыста болатын адамдарға кітапханаға келу мүмкіндігін сыйлайды. Аталған мәдени акция тұрғындарға бос уақытты өткізудің жаңа үлгісін ұсынады.

«Кітапханадағы түн» Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналады5-мамыр күні сағат 9.00-24.00 дейін кітапхананың әр бөлімі әдебиетшілер, музыканттар, әртістер, кітапхана клубына қатысушылар мен дарынды оқырмандардың қатысуымен Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Мәдени шара барысында тыл майдангерлері, ардагерлерімен кездесулер, шығысқазақстандық ардагер-жазушылар еңбектерінің авторлық тұсаукесері, би кеші, Жеңіс күніне арналған өлеңдер мен әндер, түнгі кинотеатрда фильмдер тамашалау, «Интернет – ҰОС жылдары қаза тапқан және хабарсыз жоғалып кеткен Отан қорғаушылар жайында мәлімет іздеу» акциясы, плакаттар мен кітап көрмелері, кітапханашылар кеңесі және кітапханаға саяхат жасалады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив