KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Шоқтығы биік шығармаларды шаң басып жатыр

4.10.2018, 04:48 195

Қазақ, орыс және әлем классиктерінің туындылары ұмыт болып барады. Шоқтығы биік шығармаларды шаң басып жатқандығы өкінішті. Алайда риддерлік кітапханашылардың бұл әділетсіздікке төзгісі жоқ.


Оқырман тарту және классиктер шығармаларын насихаттау мақсатында олар барын салуда. Осы жолы олар риддерліктерге классиктердің шығармалары сыйға тартуды ұйғарды. №16 мектептің ауласында өткен акция «Досыңды кітап оқуға баулы» деген тақырыппен өтті.


- Мұндағы мақсат оқырман тартумен қатар, ұмыт болып бара жатқан қазақ, орыс және әлем классиктерінің шығармаларын насихаттау. 1 -30 қазан аралығында кітапханаға жазылып, досын ерте келген адамға тосынсыйымыз бар. Сыйға тартылатын классиктің шығармасын оқырман өзі таңдайды,-дейді №1 кітапхана меңгерушісі Альбина Мыңдыбаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив