KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 0,8 м/с, В
474.26 514.48 5.43

Қазақстандықтар күзден бастап мемқызметті саусақ ізімен ала алады

15.01.2019, 06:31 204

Биылғы жылдың күзінен бастап қазақстандықтар мемлекеттік қызмет алу үшін жеке куәлігін ұсынбайды. Азаматтар енді қызметті бет-бейнесі немесе саусақ іздерінің көмегімен ала алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мемлекеттік қызметтерді саусақ ізімен алу тетігі үстіміздегі жылдың қыркүйегінде толықтай іске қосылады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов айтты.


– Мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету үшін біз қызмет алушылардың жеке басын растаудың жаңа механизмін іске қостық. Енді азаматтар қызметті бет-бейнесі немесе саусақ іздерінің көмегімен ала алады, соның арқасында электронды цифрлық қолтаңба қолдану немесе жеке куәлікті ұсыну қажеттілігі жоғалады, – деді ол.


Оның айтуынша, бұл базаны қаржы, коммерциялық қызмет көрсету және қауіпсіздік салаларында, сондай-ақ ғимаратқа кіру жүйесінде пайдалануға болады.


– Бұндағы артықшылықтар мынадай: Азаматтардың жеке деректерінің қорғалуының күшеюі, өз бетінше алынатын қызметтер санының артуы, қызметтерді алу кезінде бөгде азаматтардың қатысуын болдырмау, – деді А.Оспанов.


Басқарма төрағасының сөзіне қарағанда, ілкі жоба 2018 жылғы 12 желтоқсанынан бастап Астана және Алматы қалаларында іске қосылған. Ал толықтай биыл қыркүйек айында іске қосылады деп жоспарлануда.


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив