KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскеменде студенттер арасындағы үздік сәулеттік жоба байқауы жарияланды

15.01.2019, 03:41 138

ЖОО шәкірттері байқауға қала құрылысы саласындағы өздерінің нобайлық жобаларын ұсынуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Байқау үш номинация бойынша өткізіледі: «Шағын сәулеттік формадағы ең үздік жоба», «Тұрғын үй, қоғамдық мақсаттағы ғимараттың ең үздік жоба» және «Ең үздік қала құрылысы жобасы».


Жеңімпаз атанған студенттер қаржылай сый-сияпат табысталады. Бірінші орынға – 130-дан 360 мың теңгеге дейін, екінші орынға – 75-тен 200 мың теңгеге дейін, үшінші орынға – 45-тен 100 мың теңгеге дейін сыйақы тағайындалған. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 5 миллион теңге.


Жұмыстарды қабылдау 15 наурызға дейін жалғасады. Байқаудың шарттары туралы толығырақ мәліметті Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтынан алуға болады: oskemen.vko.gov.kz.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив