KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Қазақстан дұрыс тамақтанбайтын елдердің қатарына кірді

13.01.2019, 09:16 145

Еліміз жүрек аурулары, семіздік және қан қысымының көтерілуі секілді сырқаттардан болған өлім-жітім деңгейі жоғары он елдің қатарына кірді. Аталған аурулар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан пайда болады екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл антирейтингте бірінші орында Өзбекстан тұр. Мұнда жүз мың адамның ішінде 394-і дұрыс тамақтанбайтын көрінеді.


Екінші орынға Түрікменстан елі жайғасты. Үшінші орынды Қырғызстан алыпты. Сондай-ақ, дұрыс тамақтанбайтын елдердің қатарына Украина, Молдавия, Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қазақстан және Ресей кіреді.


Ал Еуропа елдерінің арасында ең дұрыс тамақтанбайтын ел ретінде Германия танылып отыр. Антирейтингтің соңына Испания, Израиль және Франция мемлекеттері орналасыпты, яғни бұл елдердің халқы өз денсаулығы мен тамақтануына дұрыс қарайды екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив