KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Қазақстан бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына кірді

16.01.2019, 05:26 143

 


Еліміз бензиннің бағасы ең қолжетімді 15 елдің қатарына кірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мұндай статистиканы Global Petrol Prices әлемдік басылымының мамандары есептеп, жариялап отыр.


Әлемдегі бензині арзан елдердің рейтингінде Қазақстан 12-ші орында тұр.


Аналитикалық басылымның мамандарының есебі бойынша, қазақстандықтар бір литр бензинге орташа алғанда 0,48 доллар немесе 181 теңге төлейді екен.


Айта кетсек, аталмыш рейтингте Венесуэла көшбастайды. Мұндағы бензиннің бір литрі орташа есеппен 0,01 доллар немесе 3,8 теңгеге бағаланған.


Екінші және үшінші орындарға Судан (0,13$  немесе 49 теңге) мен Иран (0,29$ немесе 109 теңге) жайғасқан.


Бензиннің бағасы Гонконг тұрғындарының қалтасын қағатын көрінеді. Бұл жерде бензиннің бір литрі 2,04$ немесе 773 теңге тұрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив