KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
443.35 475.54 4.82

ШҚО-ның оқушылары қандай сырқаттармен жиі ауырады?

20.08.2018, 07:35 121

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2017-2018 жылдары жүргізілген профилактикалық тексерудің нәтижелері туралы хабарлады.


Өткен жылы мамандар 6 жастан 17 жасқа дейінгі  185 349 бала мен жасөспірімді  тексеруден өткізген болатын. 169 367 баланың денсаулығы жақсы деп табылды. Қалған 15 мыңнан астам балада түрлі сырқаттар анықталып отыр. Оның ішінде ең көбі – көз-көру және асқорыту мүшелерінің, сондай-ақ, сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары.


Ағымдағы жылдың жеті айында 135 037 бала медициналық тексеруден өтті. 13 583 баланың көз-көру, ас қорыту және тыныс мүшелерінің аурулары анықталған.


Дәрігерлердің талдауы бойынша, 6-11 жас аралығындағы балалардың көбі асқорыту мүшелерінің ауруларына жиі шалдығады. Оның негзгі себебі – тісжегі. Ол жеке гигиенаның сақталмауы мен дұрыс тамақтанбаудан, түрлі зиянды тағамдарды қолданудан пайда болады. Екінші орында – көз бен оның қосалқы мұшелерінің аурулары, үшінші орында – тыныс мүшелерінің аурулары.


12-17 жас аралығындағы балалардың көбі көз-көру мүшелерінің ауруларына жиі шалдығатын көрінеді. Оның себебін дәрігерлер балалардың планшет, смартфон, компьютерлерді шексіз пайдалануы, жасанды жарықтандырылған ғимаратта уақыт өткізуі, күн тәртібін дұрыс сақтамау, дұрыс тамақтанбау секілді факторлармен байланыстырады. Сонымен қатар, жасөспірімдердің көбінен сүйек-бұлшықет аурулары да анықталған. Әсіресе, жиі майтабандылық пен омыртқаның деформациясы кездеседі. Оның себебі – балалардың дене белсенділігінің төмендігі және дене мүсінінің бұзылуы. Бұл жас тобында үшінші орында эндокриндік жүйе, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы тұр. Мұндай жағдайлар көбінесе жыныстық даму кезінде гормондарының өзгеруі және азық-түлікте йод пен темірдің жеткіліксіздігіне байланысты екен.


Аурулардың алдын алу үшін дәрігерлер дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтырумен айналысуға кеңес береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив