PHD докторанттарға байқау жарияланды
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновациларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» бағдарламасы бойынша конкурс жариялады.
Байқаудың шартына сәйкес, ұсынылған жобалардың орындалу мерзімі 12 айдан аспауы тиіс. Гранттың көлемі 17 млн теңгені құрауда. Өтініштер портал арқылы 15-ші қаңтардан 1-ші сәуірге дейін Астана уақыты сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Бұл жолы стратегиялық проблемаларға бағытталған жұмыстарға басымдық беріледі. Ол Мемлекет басшысының 2017 жылдың 31 қаңтардағы Жолдауында, сол секілді Үкімет жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссиясымен белгіленген болатын. Үміткерлерге келесідей талаптар қойылады. Конкурске 1-ші курсті тамамдаған жаратылыстану, техникалық, сондай-ақ медициналық мамандықта оқып жатқан PhD докторанттар қатыса алады. Сонымен қоса PhD дәрежесін алғанына 5 жылдан төмен болмауы міндетті(өтінішті тапсырған уақыттан бастап).
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады