KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да әкімдер арасында шешендік өнер байқауы ұйымдастырылды

8.01.2019, 03:46 181

Шығыс Қазақстанда ауыл әкімдері сайысқа түсіп, шешендік қабілеттерін сынға салып көрді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл ерекше байқау Бесқарағай ауданында өтті.


Бәйгеге түсуге бел шешкен ауыл әкімдері аудан орталығында бас қосты. Ұйымдастырушылар аудандық тілдерді оқыту бөлімі болғандықтан болар, сайыстың шешуші бөлімі – тілдің мерейіне асыруға құрылғаны көрініп тұр. Ауыл әкімдері бір минут ішінде шаршы топқа түсіп, шешендегін барынша танытып бақты.


Ділмар шыққан Глуховский ауылдық округінің әкімі Алмас Тастанбеков гран-приге ие болды. Бірінші орынды – Алмас Солтанғазин (Қарабас а/о), екінші орынды – Сұңғат Назаров (Жетіжар а/о), үшінші орынды – Кенжеғали Ипанов (Канонерка а/о), пен Мағжан Табылдин (Бескөл а/о) қатар иеленді.


Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив