Бесқарағай ауданында 15 ауылға су тартылады
Бесқарағай ауданының 15 ауылы орталықтандырылған сумен қамтылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Дәулет Батырбаев мәлімдеді.
Айта кетсек, Бесқарағай ауданында барлығы 28 ауыл бар. Оның 15-і енді орталықтандырылған сумен қамтылады. Қарағайлы ауылында су құбырларының жүйесі мен сужинағыш құрылғыларды салу бойынша жұмыс басталып кетті. Оған 600 млн теңгеден астам қаражат қажет екен. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға 200 млн ғана бөлінген. Қарабас ауылындағы дәл осындай жұмыстар,а әзірге 100 млн теге бөлініп отыр.
Одан бөлек, 2019 жылы Бөдене, Жетіжар, Мостик және Ерназа ауылдарында сумен қамтамасыз ету нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге де қаражат бөлінбек. Ал 2020 жылы Долонь және Бірлік ауылдарындағы сумен қамтамасыз ететін нысандардағы құрылыс жұмыстары аяқталады. Осы жылдың соңына дейін Бүкебай, Жыланды, Белокаменка, Морозов орман шаруашылығы ауылдары ауыз сумен толық қамтылады екен.