Мәселені шұғыл шешу қажет - Мәжіліс депутаты қант туралы
Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, әсіресе қанттың қымбаттауына наразы. Бұл туралы ол вице-премьер Роман Склярдың атына жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
7 маусымдағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19,9% қымбаттады. Жыл басынан бері қант 61% қымбаттап, 1 келі үшін бағасы 600-900 теңге аралығында ауытқыды. Оның үстіне қант барлық дүкеннен табылмай жатады, ол тек белгілі бір сауда нүктелерінде сатылады, - дейді Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев.
Мәжілісмен халық арасында осыдан төрт ай бұрын басталған қант дауы әлі де басылмай тұрғанын айтты. Ал бұл жағдайдың салдары шағын кондитерлік өнімдерді қоспағанда ірі кәсіпорындардың жабылуына әсер етті.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының бұлайша өсуі халық арасында үлкен наразылық тудыруы мүмкін. Республиканың қантқа деген сұранысы орта есеппен 550-600 мың тоннаны құрайтынын ескере отырып, мәселе шұғыл шешімді талап етеді. Қанттың 10%-ы ғана біздің шикізаттан өндірілсе, қалғаны импортқа тәуелді, - дейді Фахриддин Қаратаев.
Депутаттың айтуынша, экономикалық санкциялардың кесірінен барлық логистикадағы порттар толық қуатында жұмыс істемей, шетел банктерімен қаржы операциялары кешеуілдеп жатыр.
Осыған орай, кәсіпкерлердің тасымалдау мерзімін бес-алты айға дейін ұзарту, ал қантты 550-600 мың тоннаға дейін жеткізу үшін тариф жеңілдігін арттыру мүмкіндігін қарастыруды мақсатқа сай деп санаймыз, – деді Мәжіліс депутаты.
Бұған дейін Қазақстанда қант бір жылда 61% қымбаттағаны хабарланған еді.
21 маусымда Еуразиялық экономикалық кеңестің кезектен тыс отырысында Қазақстанның қант пен құмшекерді бажсыз әкелу квотасын 31 қазанға дейін ұзарту туралы ұсынысы мақұлданғаны белгілі болды. Бұған дейін квота 31 тамызға дейін шектелген еді.