Ертеңнен бастап ШҚО-ның тас жолдарында жылдамдыққа шектеу қойылады
Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Рахман қайнары тас жолындағы жүк көліктерінің жылдамдығына шектеу қойылады, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
– Ертең, 2 қарашадан бастап Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Рахман қайнары тас жолының 6-66 шақырымдары аралығына қауіпсіздік үшін жүк көліктерінің жылдамдығына шектеу қойылады. Шектеу қыс маусымы аяқталғанға дейін тұрады, – делінген департаменттің ақпаратында.
Оқи отырыңыз