KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
443.72 482.28 4.9

Өскеменде ҚР ҰҚК қызметі туралы кітаптар таныстырылды

30.11.2021, 15:39 258

Өскеменде ҚР ҰҚК басшылығының бастамасымен "Отандық арнаулы қызметтің хроникалары" және "Мемлекеттік шекара" атты қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптарының тұсаукесері өтті.

Онда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шекараларын қорғау ісіне лайықты үлес қосқан қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы айтылады.

Салтанатты шара барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша департаментінің бастығы Бақытжан Валениязов, кітапта жазылған кейіпкерлерінің арасында шекарадан көп мөлшерде конрабандалық тауарларды жасырын өткізбек болған есірткі тасымалдаушыларды әшкерелеген Әсел Мұқышева да бар екендігін атап өтті.

-   Бұл кітаптар, еліміздің тыныштығын күзететін қызметкерлердің ерлігіне деген құрмет. Біздің қызметте болған оқиға осы кітапқа енуі, әрине қуанарлық жайт. Бірақ, мен үшін бұл ең алдымен Отан алдындағы күнделікті атқарып жүрген қызметім, - дейді Шекара қызметінің офицері Әсел Мұкышева.

Айта кетерлігі, басылымдарда бүгінде құпияға жатпайтын жайттар ғана жазылды. Кітаптар 1000 дана таралыммен шықты, олар Өскемен және Семей кітапханаларының сөрелеріне түседі.

-   ҰҚК-ті жайлы ақпаратты біз көбінесе тек қана БАҚ арқылы білеміз. Ал бүгін оқырмандарымызға бірегей мүмкіндік туып отыр. Кітаптарда жазылған қызықты жайттарға толы, шынайы өмірде болған оқиғалармен таныса алады. Осы баспалар біздің кітапханаларымыздың қорын толтыратын болады, - дейді А.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының директоры Бибігүл Шағиева.

Кітаптардың салтанатты тұсаукесеріне Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан офицерлердің туыстары және бүгінгі күні қызметте жүрген азаматтар шақырылып, ҚР ҰҚК басшылығының алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Тұсаукесерге Өскемен қаласының жоғары оқу орындарының ректорлары да қатысты.

- Тәуелсіздіктің 30-жылдығы қарсаңында шыққан өте сәтті кітап. Өйткені бұл жастарға, қазіргі қоғамдағы азаматтарға маңызы өте зор. Қазір біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Бірақ, біз білмейтін, күнделікті қаншама қылмыстың алдын алып жатыр осы қызметкерлер. Осындай операциялар жарық көріп жатқан кітаптарда жақсы жазылған. Мысалы, «Виктория», «Сафари», «Сапфир» және сәтті шыққан соңғы операциялардың бірі «Жусан».., - деді С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нің ректоры Мұхтар Төлеген.

Кездесуде, кітапта жазылған Өскемендегі жедел операция барысы туралы, оған тікелей қатысқан ардагерлердің өздері баяндады. Іс-шара ШҚО ҰҚК мұражайына экскурсиямен аяқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив