KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, С
499.76 521.7 5.63

Өскеменде қауіпті өндірістік нысанда оқу-жаттығу өтті

19.02.2025, 13:30 296 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде химиялық қауіпті заттар бар нысанда апатты жою бойынша оқу-жаттығу өткізілді.  

Жаттығу сценарийі бойынша «Өскемен ет-консерві зауытында» улы заттың ағу қаупі туындаған. Бұл жағдай кәсіпорын қызметкерлерінің улану қаупін арттырды.  

Нысан қызметкерлері газқағарлар мен қорғаныс костюмдерін киіп, қауіп аймағынан эвакуацияланды. Апаттық-құтқару тобы қауіпті газдың таралуына жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдады. Санитарлық жасақ зардап шеккендерді іздеп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті.  

Өрт сөндіру бөлімшелері арнайы техника көмегімен өрт гидранттарына автоцистерналар орнатып, аумақты бүрку жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, бақылау және зертханалық бақылау қызметі химиялық ластану аймағын анықтау үшін өлшеулер жүргізді.  

– Барлық күштер мен құралдар үйлесімді және тиімді жұмыс істеді. Нәтижесінде химиялық қауіпті газ бұлтын тез оқшаулап, зардап шеккендердің көп санын болдырмауға мүмкіндік туды. Мұндай ауқымды жаттығулар жыл сайын өткізіледі, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

 ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу