KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 2 м/с, ОБ
499.76 521.7 5.63

Өскеменде 78 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлігін алды

Фото: ШҚО ПД

19.02.2025, 14:30 348 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласының 78 жастағы тұрғыны Бочкарёва Тамара Никитична алғаш рет Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алды. Біраз жылдар бойы ол бұл құжатты қажет етпеген, алайда зейнетақы рәсімдеу кезінде онсыз мүмкін еместігі анықталған. Осыған байланысты ол көмек сұрап көші-қон қызметіне жүгінген, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері құжат рәсімдеудің барлық кезеңінде оған қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, тексерулер жүргізіп, тиісті мекемелерге сұрау жолдап, барынша қолдау көрсетті. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, 2025 жылдың ақпан айында Тамара Никитична өзінің алғашқы жеке куәлігін алды.

2025 жылдың басынан бері ШҚО Көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелері азаматтарды құжаттандыру және тіркеу жұмыстарын белсенді жүргізуде. Облыс бойынша жеке куәлік жасауға 6 799 өтініш қабылданып, оның ішінде 27 өтініш өздігінен қозғала алмайтын және өзіне қызмет көрсету қабілетінен айырылған жандардан түскен,- делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу