KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями Штиль
485.11 523.82 5.02

Пандемия кезінде туристер үшін ең қауіпті елдер аталды

20.09.2021, 12:50 130

Германиядағы Роберт Кох институты (RKI) елдер бойынша COVID-19 жұқтырған неміс туристерінің саны туралы мәліметтерді қорытындылады және ең қауіпті бағыттардың тізімін жасады. Бұл туралы Frankfurter Rundschau сайты жазды.

RKI мәліметтері бойынша, Германияда соңғы төрт аптада коронавирус жұқтырған 87 572 адам анықталды. Оның ішінде 26 218 пациент шет мемлекеттен жұқтырған.

"Қазіргі инфекция жұқтырғандардың көбі Балқан елдерінде жұқтырған. Көбінесе ауру жұқтырған ел ретінде Түркияны көрсетті, бұл елден келген 6087 демалушы тіркелді", - делінген институттың хабарламасында.


5,7 мыңға жуық пациент вирусты танылмаған Косовода жұқтырған. Үшінші орында Хорватия, онда екі жарым мыңға жуық неміс жұқтырды. Сондай-ақ, туристер арасында танымал болған Грекия мен Италия да анти-рейтингтің ондығына кірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив