KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Жұқпалы аурудың алдын алу жолдары туралы айтылды

Фото: depositphotos.com

4.06.2024, 11:41 238 Ынтымақ Толқын

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары құтырма ауруының алдын алу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Құтырма – жануардың сілекейі арқылы таралатын, жүйке жүйесіне қатты зақым келтіретін ауру. Бұл ауру тіпті адам өліміне алып келуі мүмкін. Ел аумағында бұл аурудың екі түрлі ошағы кездеседі: табиғи және антропургиялық.

–Жарақат алған жағдайда, жараны сабынмен, кем дегенде, 15-20 минут бойы жуу керек. 70% спиртпен немесе 5% йод тұнбасымен тазалап, құтырмаға қарсы иммундау тегін жүргізілетін медициналық мекемеге мүмкіндігінше ертерек жүгіну қажет. Егер оған мүмкіндік болмаса, шұғыл түрде антирабиялық көмек көрсететін медициналық мекемеге барған жөн, - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев.

Мұндай мекемелердің тізімі мен мекенжайларын департаменттің ресми сайтынан білуіңізге болады. Естеріңізге сала кетелік, антирабиялық көмек тегін көрсетіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив