ШҚО-дағы бір кәсіпорын қызметкерлерінің 90 пайызы вакцина алған
![](/kz/uploads/posts/iblock/00f/00fee6310be64ecaf9a96ca39b41c7ae.jpeg)
KAZ Minerals Тобының құрамына кіретін «Шығыстүстімет» ЖШС-де қызметкерлердің 90% астамы вакцинацияның бірінші кезеңінен өтіп үлгерді. Бұл шамамен 6400 адам.
Вакцинаның екінші компонентін қабылдаған адамдар саны 3608. Бұл жалпы қызметкерлер санының 52%-на жуығы.
Шығыстүстіметтің өндірістік алаңдардағы мердігерлік ұйымдардың 2,5 мың қызметкердің 2000 вакцинацияның бірінші кезеңнен, 1 мыңнан астамы екі кезеңнен өтіп үлгерді.
"Шығытүстімет" ЖШС - Қазақстандағы ірі мыс өндіруші - KAZ Minerals Тобының құрамына кіретін өндірістік компания. Ол өзінің өндірістік іс-қызметін ШҚО Глубокое, Шемонаиха және Бородулиха аудандарында орналасқан үш шахта мен екі кен байыту фабрикасында жүргізеді. Серіктестіктің құрамында бірқатар қосалқы және көмекші кәсіпорындар да жұмыс істейді