KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
495.28 518.41 5.44

Шемонаихада байлаулы бұзауды ұрлап кеткен

29.09.2021, 12:19 311

17 қыркүйек күні Шемонаиха АПБ кезекші бөліміне ауданның 50 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз тұлға үй қоршауының артынан байлаудағы 4 айлық қара-ала бұзауын жасырын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын 150 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, бұрын бірнеше рет сотталған 50 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, жеткізілді. Жануар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу