KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
522.38 612.6 6.54

Өрттен екі баланы құтқарған қаһарман

8.11.2025, 18:00 116 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кентінде көпқабатты үйдің бір пәтерінде өрт шықты. Оқиға Аманжолов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында болған, деп хабарлайды Altainews.kz.

Өртті ең алғаш болып Өскемен қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері Қанат Қапанов байқап қалған. Ол сол сәтте жұмыстан тыс уақытта жақындарының үйінде жүрген. Көрші пәтерден түтін шығып жатқанын көрген азамат ойланбастан өрт ошағына кіріп, екі баланы аман алып шыққан. Кейін түтінге толған подъездегі тұрғындарды эвакуациялауға да көмектескен.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 80 адам өз күшімен қауіпсіз жерге шыққан. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тағы 4 адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады.

Қызыл жалын 45 шаршы метр аумақта ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Қанат Қапановтың ерлігі – қызметтік борышынан бөлек, адамгершілік пен батылдықтың жарқын үлгісі болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу